ҚАРАҚАЛПАҚСТАН ҚАЗАҚТАРЫ ТІЛІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ ЛЕКСИКАНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Keywords:
Қарақалпақстан қазақтары, қазақ тілі, ұлттық лексика, мәдени лексика, этнолингвистика, диалектілік ерекшелік, салт-дәстүр, ұлттық мәдениет, тұрмыс лексикасы, тілдік мұра.Abstract
Бұл мақаламызда Қарақалпақстан Республикасында өмір сүретін қазақтардың тіліндегі ұлттық-мәдени лексиканың ерекшеліктері қарастырылады. Ұлттық-мәдени лексика белгілі бір халықтың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, материалдық және рухани мәдениетін танытатын тілдік бірліктердің маңызды қабатын құрайды. Мақалада Қарақалпақстан қазақтарының тіліндегі ұлттық-мәдени сөздердің қалыптасуына географиялық орта, тарихи-мәдени байланыстар, шаруашылық түрлері және көрші халықтармен тілдік қарым-қатынастың ықпалы мәселелері сипатталады. Сонымен қатар туыстық атаулар, тұрмыс пен шаруашылыққа қатысты сөздер, ұлттық тағам атаулары, киім-кешек, салт-дәстүр және рухани мәдениетке байланысты лексикалық бірліктердің тілдік-мәдени сипаты талданады. Ұлттық-мәдени лексиканы зерттеу аймақтық қазақ тілінің ерекшеліктерін анықтаумен қатар, халықтың тарихи жадын, мәдени құндылықтарын және этнолингвистикалық болмысын тануға мүмкіндік береді.
References
Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы: Ана тілі, 1998.
Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі. I кітап (А–Е). – Алматы: Ғылым, 1996.
Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. – Алматы: Санат, 1997.